Испан Премьерасы. Мадридтің жартысы бүгін той тойлайды..

18.05.2014, 06:16
Испан Премьерасы. Мадридтің жартысы бүгін той тойлайды..
Испан чемпионаты да өз мәресіне таяды. Егер, кәрі құрлықтың кейбір біріншіліктерінде чемпиондық тағдыры соңғы турды күтпей-ақ шешіліп қойған болса, Пиреней түбегіндегі мемлекетте олай емес. Жалпы, осы жылы Ағылшын Премьер-Лигасы мен дәл осы Испан Премьерасы бәрін таңғалдырды. Әдеттегідей, Испанияда чемпиондыққа екі алпауыт қана таласады деген болжамның қате екенін "Атлетико" көрсетіп-ақ берген.  "Барселона" да емес, "Реал Мадрид" те емес, сол "Атлетико" бүгін чемпион атанды. Тарихында 10-шы рет. Маусым барысында екі командамен терезесі тең ойнаса да, мамандар маусым аяғына қарай екеуінің қарқынына ілесе алмайды деген. іс жүзінде екеуі ілесе алмады. "Атлетико" толықтай бұл чемпиондыққа лайық. Оған тіпті "Камп Ноуға" жиналған "Барселонаның" жанкүйерлерінің қошеметі де растайды. Чемпионат барысында да, бүгінгі алтын матчта да Симоне шәкірттері қайсарлық танытты. Бірінші таймның басында-ақ жарақатқа байланысты Арда Туран мен Диего Костадан айырылған "матрасниктер" біраз есеңгіреді. Жығылғанға жұдырық дегендей Санчестың "ғажайып соққысы", Куртуа қақпасының тоғыздығына топ етіп "ғажайып голға" айнала кетті. Осындай қиындықтарға қарамастан, екінші таймда есепті теңестіруге күш тапты. Үзілістен кейін, Годин гол соғып,  кейін белгілі болғандай ол "алтын гол" деп танылды. Барса қанша тырысқанмен Куртуа қақпасының кілтін таба алмады. Месси де көрінбеді. Иньестаның идеалды пастары да жоқ. Алаңға шыққан Неймар да көмектесе алмады. "Барселона" үшін бұл маусым өте сәтсіз өтті, сәтсіз бітті. "Атлетико" бүгінгі алтынға қоса, бір аптадан соң Чемпиондар Лигасының алтының да еншілеуі әбден мүмкін. Қайда, кіммен екені белгілі.
 

17 мамыр. Барселона. Стадион "Камп Ноу". Төреші - Матеу Лаос (Валенсия).

БАРСЕЛОНА - АТЛЕТИКО - 1:1 (1:0)
 Санчес, 33 (1:0). Годин, 49 (1:1).
Барселона Атлетико
 Хосе Мануэль Пинто  Тибо Куртуа
 Адриано  Фелипе
 Хавьер Маскерано  Диего Годин
 Херард Пике  Жоао Миранда
 Даниэл Алвес  Хуанфран
 Сеск Фабрегас, 77  Коке
 Серхио Бускетс, 57  Тиагу Мендеш
 Андрес Иньеста  Габи
 Педро, 62  Арда Туран, 23
 Алексис Санчес  Давид Вилья
 Лионель Месси  Диего Коста, 16
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Александр Сонг, 57  Адриан, 16;72
 Неймар, 62  Рауль Гарсия, 23
 Хави, 77  Хосе Эрнесто Соса, 72

Ескертулер:

 Херард Пике, 5  Диего Годин, 36
 Лионель Месси, 45+3 (алаңнан тыс)  Тиагу Мендеш, 37
 Серхио Бускетс, 45+3 (алаңнан тыс)  Фелипе, 69
 Александр Сонг, 73  Рауль Гарсия, 90+2
 Хавьер Маскерано, 90  

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
ФУТБОЛ. ӘЧ. ТАҢДАМАЛЫ- 20
Келесі жаңалық
ФУТБОЛ. ӘЧ. ТАҢДАМАЛЫ- 20
Серіктес жаңалықтары
×