Испан Примьерасы

21.04.2014, 15:37
Испан Примьерасы
Турдың орталық ойыны деп "Барселона" мен "Атлетик Бильбао" араасындағы кездесуді қарауға болады. Примьераның 3-ші командасымен төртінші командасы. Әдетте турнир кестесінде бұлай көрші тұрған екі команда орын үшін де тартысады. Бірақ, бұл жерде олай емес. "Барселона" екі мадридтік ұжымды қуып жeту мақсатында болса, бильбаолықтар төртінші орынды сақтап қалып, ендігі маусымдаы Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңініне жолдама алуға бар жанын салуда. Екеуі екі түрлі психологиялық дайындықта келмек. Барсаның жағдайы түсінікті болса, "Атлетик" соңы екі кездесуде де жеңіс тойын тойлап көтеріңкі көңіл-күйде. Испанияда грандтарға оңайшылықпен тізе бүкпейтін командалардың бірі, тіпті бірегейі осы "Атлетик Бильбао". Мейлі "Сантьяго Бернабеуде" болсын, мейлі, "Камп Ноуда" болсын. Тарихы да солай дейді. Осы Примьерадан, Сегундаға түсіп көрмеген "Реал" мен "Барсаның" қатарында үшінші команда осы. Бүгінгі ойын барысында Католонияда 1 ұпай емес, тіпті 3 ұпай еншілейтіндей көрінген. Бірінші тайм алаң иелерінің білінер-білінбес басымдылыымен өткенімен, екінші таймның басында қонақтар сапынан Адурис есеп ашты. Бірақ 72-74-минуттарда ойын тағдырын шешкен екі минут болды. Алдымен, Педро есеп теңесірсе, екі минуттан соң өзі еншілеген айып соққысын өзі орындаған Месси "блаугрананы" алға шығарды. Осы жеңістің арқасында "Барселона" екінші орынға шықты, Бірақ, "Реал Мадрид" олардан бір ойын кем өткізген, жеңіске жетіп жатса "Барсаны" 3-ші орынға қайта сырғытуы мүмкін. Ал, бильбаолықтар жағдайды ушықтырып, "Севильяны" өздеріне 3 ұпай арақашықтыққа жақындатып алды.  
 

20 сәуір. Барселона. Стадион "Камп Ноу". Төреші - Хуан Мунера (Бенидорм).

БАРСЕЛОНА - АТЛЕТИК - 2:1 (0:0)
 Адурис, 50 (0:1). Педро, 72 (1:1). Месси, 74 (2:1).
Барселона Атлетик
 Хосе Мануэль Пинто  Горка Ираисос
 Адриано  Микел Баленсиага
 Хавьер Маскерано  Аймерик Лапорте
 Марк Бартра  Микель Сан Хосе
 Даниэл Алвес  Оскар Де Маркос
 Андрес Иньеста  Эрик Моран, 64
 Александр Сонг  Андер Итурраспе, 83
 Хави, 70  Икер Муниаин
 Педро  Андер Эррера
 Алексис Санчес, 87  Маркель Сусаета, 86
 Лионель Месси  Ариц Адурис
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Сеск Фабрегас, 70  Микель Рико, 64
 Кристиан Тельо, 87  Беньят Эчебарриа, 83
   Гаиcка Токеро, 86

Ескертулер:

 Марк Бартра, 21  Андер Итурраспе, 7
 Педро, 79  Андер Эррера, 71
   Оскар Де Маркос, 73

 

Диего Симоне шәкірттері "Висенте Кальдерон" жасыл алаңында "Эльчены" қабылдады. Бұл матчта 3 ұпайды еншілеуге міндетті еді. Чемпионатта 7 ойын қатарынан жеңген "Атлетиконы" тоқтататын команда "Эльче" емес. "Матрасниктер" керекті нәтижені екінші бөлікте еншіледі. Команда сапына қысқы трансферде "Металлистен" ауысып келген Сосаның пасынан кейін Миранда есеп ашты. Ойынның аяқ жағында, бір апта бұрын ауыр жарақат алғандай көрінгенімен, бәрі жақсы аяқталып сапқа оралған бразил-испаниялық Коста пенальтиден есепті 2-0-ге жеткізіп матч нүктесін қойды.
 

18 сәуір. Мадрид. Стадион "Висенте Кальдерон". Төреші  - Карлос Клос Гомес (Сарагоса).

АТЛЕТИКО - ЭЛЬЧЕ - 2:0 (0:0)
 Миранда, 72 (1:0). Диего Коста, 90+1 - пенальтиден (2:0).
 Вилья, 50 (қақпашы).
Атлетико Эльче
 Тибо Куртуа  Ману Эррера
 Фелипе  Кристиан Сэпунару
 Диего Годин  Серхио Пелегрин
 Жоао Миранда  Альберто Ботиа
 Хуанфран  Дамиан Суарес
 Коке, 57  Карлос Санчес
 Тиагу Мендеш  Альберто Ривера
 Габи  Коро
 Адриан, 46  Хави Маркес, 77
 Давид Вилья, 62  Карлес Гил, 71
 Диего Коста  Кристиан Эррера, 57
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Рауль Гарсия, 46  Фидель, 57
 Диего, 57  Аарон Ньигес, 71
 Хосе Эрнесто Соса, 62  Ричмонд Боакье, 77

Ескертулер:

 Диего Коста, 63  Кристиан Сэпунару, 49
 Рауль Гарсия, 74  Коро, 55
   Альберто Ривера, 63
   Серхио Пелегрин, 65
   Кристиан Сэпунару, 90(қызыл қағаз)

 

Испан Примьерасының 34-ші турындағы қалған ойындардың нәтижелерімен таныс болыңыщдар; Осасуна-Валенсия-1:1 Голдар: Риера, 19(1:0). Жонас, 82(1:1). Леванте-Хетафе-0:0 Реал Сосьедад-Эспаньол-2:1 Голдар: Кордоба, 23 (0:1). Лансароте, 32 - өз қақпасына (1:1). Вела, 90+1 (2:1). Альмерия-Сельта-2:4 Голдар: Нолито, 19 (0:1). Родри, 40 (1:1). Шарлес, 52 (1:2). Нолито, 71 (1:3). Орельяна, 76 (1:4). Оскар Диас, 88 (2:4). Райо Вальекано-Бетис-3:1 Голдар: Рочино, 14 (1:0). Паулао, 27 - өз қақпасына (2:0). Ларривей, 52 (3:0). Чика, 80 (3:1). Севилья-Гранада-4:0 Голдар: Майнц, 14 - өз қақпасына (1:0). Гаймейро, 51 (2:0). Мбиа, 58 (3:0). Витоло, 68 (4:0).

 

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  АТЛЕТИКО 34 27 4 3 74-22 85
2  БАРСЕЛОНА 34 26 3 5 94-28 81
3  РЕАЛ МАДРИД 33 25 4 4 94-32 79
4  АТЛЕТИК 34 18 8 8 59-37 62
5  СЕВИЛЬЯ 34 17 8 9 65-47 59
6  РЕАЛ СОСЬЕДАД 34 15 9 10 58-51 54
7  ВИЛЬЯРРЕАЛ 33 15 7 11 52-38 52
8  ВАЛЕНСИЯ 34 12 9 13 47-47 45
9  ЛЕВАНТЕ 34 10 11 13 30-41 41
10  ЭСПАНЬОЛ 34 11 8 15 38-44 41
11  РАЙО ВАЛЬЕКАНО 34 12 4 18 42-71 40
12  СЕЛЬТА 34 11 7 16 40-51 40
13  МАЛАГА 33 10 8 15 35-43 38
14  ГРАНАДА 34 11 4 19 30-50 37
15  ОСАСУНА 34 9 8 17 29-54 35
16  ЭЛЬЧЕ 34 8 11 15 27-46 35
17  ВАЛЬЯДОЛИД 33 6 14 13 32-50 32
18  ХЕТАФЕ 34 8 8 18 29-51 32
19  АЛЬМЕРИЯ 34 8 6 20 36-68 30
20  БЕТИС 34 5 7 22 29-69 22

 

Сұрмергендер тізімі: 1.Криштиану Роналду(Реал МАдрид)-28(6) 2.Диего Коста(Атлетико Мадрид)-27(5) 3.Лионель Месси(Барселона)-26(6) 4.Антуан Гризманн (Реал Сосьедад)-17 Карим Бензема (Реал Мадрид)-17 Алексис Санчес (Барселона)-17   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×