Испания чемпионаты жалғасатын күн белгілі болды

12.05.2020, 06:31
Испания Ла лигасы маусымды жалғастыратын уақытты белгіледі.
Испания чемпионаты жалғасатын күн белгілі болды

Чемпионат 12-ші маусымда қайта жалғасуы тиіс. Лига басшылығы бұл туралы клубтарға хабар берді. Испания біріншілігі екі айдың ішінде аяқталады. Ал, тамызда жоспар бойынша еурокубок турнирлері жалғасын табады. Егер коронавирустың таралу қарқыны азаймаса, лига ойындары 19-ші маусымға шегеріледі. Матчтар жұма, сенбі және жексенбі күндері өтеді. Лига ойындарды үш күнге бөлу арқылы, чемпионатты неғұрлым ерте аяқтауға тырысады. Өткен демалыста Испания футбол клубтары пандемиядағы үзілістен кейін алғаш рет жаттығуды бастады. Лиганың мәлімдеуінше, екі дивизионның командалары арнайы ереже аясында дайындалады. Алдымен жекелей жаттығулар өтеді. Испанияның спорттық және медициналық органдарының ұйғарымы бойынша ойыншылар мен клуб қызметкерлерінің қауіпсіздігі қатаң сақталады. Футболшылар жаттығу базасына кірмей тұрып, коронавирусқа қарсы тестілеуден өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×