Италия футболы шешім шығарды

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
12.05.2020, 05:53
Италия басшылығы клубтардың 18 мамырдан бастап жаттығуды бастауға болатыны жөнінде шешім қабылдады.
Италия футболы шешім шығарды

Италия денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца мен спорт министрі Винченцо Спадафора клубтардың 18 мамырдан бастап жаттығуды бастауға болатыны жөнінде мәлімдеме жасады. Италия үкіметінің жаңа шешімі бойынша футбол федерациясы медициналық талаптарға өзгерістер енгізуі керек екенін айтты.

Шешім бойынша жаңа медициналық талаптар қатаң түрде сақталуы тиіс. Қауіпсіздік шаралары барынша қадағалануы керек. Бірнеше уақыт бойы жаттығуға үзіліс жасаған ойыншылардың денсаулығына ауыртпашылық салынбауы түспеуі тиіс. - деп хабарлады министрлер бірлескен мәлімдемеде.

Еске салайық ТОП-5 чемпионатта алғаш болып жалғасын табатын Бундеслига болып тұр. Неміс чемпионаты 16 мамырда жалғасын таппақ. Ал 1 Лига Франциядағы пандемияның бәсеңдемеуіне байланысты аяқталып, ПСЖ чемпион атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×