Испания қолда тұрған жеңістен айырылып қалды

20.06.2021, 13:40
Морено пенальтиден гол соға алмады, Мората ашық қақпаны көздей алмады.
Испания қолда тұрған жеңістен айырылып қалды

Еуро-2020 турнирінің 2-туры аясында Испания құрамасы Польшамен тең ойнады. Кездесу Севильядағы (Испания) "Олимпико де Севилья - Ла Картуха" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды

Испания шабуылшысы Альваро Мората 26-минутта матчтағы алғашқы голды соқты. Лайнсмен аалғашында офсайд тіркеген болатын, бірақ VAR голдың ережеге сай соғылғанын анықтап берді. 54-минутта поляк шабуылшысы Роберт Левандовски есепті теңестірді. Төрт минуттан кейін Жерар Морено пенальтиден мүлт кетті. Оның тепкен добы қақпа бағанасына тиді, ал кері серпілген допты Мората ашық қақпаға дәл бағыттай алмады. "Барселона" қорғаушысы Жорди Альба матчтың үздік ойыншысы атанды.

Еске сала кетейік, Е тобында испаниялықтар мен поляктардан басқа Швеция мен Словакия құрамалары өнер көрсетіп жатыр. Испания 2 ұпай жинап, Е тобында үшінші орында келеді. Польша (1) соңғы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×