Мемфис Депай «Барселона» ойыншысы атанды

20.06.2021, 15:52
Шабуылшы каталондық клубқа еркін агент ретінде қосылды.
Мемфис Депай «Барселона» ойыншысы атанды

"Барселона" Нидерланды құрамасының шабуылшысы Мемфис Депаймен келісім-шарт жасасқанын жариялады. Каталондық клуб пен 27 жастағы ойыншы арасындағы келісім 2024 жылға дейін есептелген.

Депайдың "Барселона" ойыншысы ретіндегі таныстырылымы Нидерланды құрамасы Еуропа чемпионатындағы ойындарын аяқтағаннан кейін өтеді деп хабарланды.

Мамыр айында Депайдың "Барселонамен" жылдық жалақысы 5 миллион еуроны құрайтын келісім-шартқа қол қояды деп хабарланған болатын. Мемфис 2017 жылдан бері "Лион" клубында доп тепті. Голландиялық ойыншының клубпен келісім-шарты осы жазда аяқталды. Депай 2020/2021 жылғы маусымда 1-лигада 36 матч өткізіп, 20 гол соққан, сонымен қатар 10 голдық пас берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×