Испания құрамасы (U-17) 2015 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің кубогына қатысуға келісім берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
«Қызыл фуриядан» бөлек халықаралық турнирге Грузия, Тәжікстан, Белорусь, Қырғызстан және Қазақстан құрамалары қатысады. Матчтар 21-27 маусым арасында «Астана Аренада» өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, былтыр аталмыш турнирде испаниялықтар топ жарған болатын. олар финалда Грузияны 6:1 есебімен жеңді.
«PROСПОРТ» сайтынан