Иванович «Челсимен» келісім-шартын ұзартуы мүмкін

10.03.2015, 20:48
Иванович «Челсимен» келісім-шартын ұзартуы мүмкін
Лондондық «Челси» сербиялық қорғаушы Бранислав Ивановичпен келісіп-шартын ұзартпақшы. Daily Express басылымының мәлімдеуінше, «Реал» мен «ПСЖ» қызығып жатқан Ивановичке жаңа келісім-шарт ұсынылып, жалақысы көтеріледі. Келісім-шарттың қай жылға дейін жалғасатыны белгісіз, ал жалақысы жылына 6, 5 млн еуро болмақ. Естеріңізге сала кетсек, Браниславтың «ақсүйектермен» жасалған қазіргі келісім-шарты 2016 жылы аяқталады.    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×