Италия Бельгия құрамасынан басым түсті

03.07.2021, 13:48
Италия келесі кезеңде Испаниямен кездеседі.
Италия Бельгия құрамасынан басым түсті

Еуро-2020 турнирінің ширек финалында Бельгия мен Италия құрамалары өзара мықтыны анықтады. Кездесу Мюнхендегі (Германия) "Альянц Арена" стадионында өтіп, 2:1 есебімен италиялықтардың пайдасына аяқталды.

Барлық голдар бірінші таймда соғылды. 31-минутта жартылай қорғаушы Николо Барелла Тибо Куртуаның қақпасын дәл көздеп, есеп ашты. 44-минутта Лоренцо Инсинье допты алыс тоғыздыққа тоғытып, есепті еселеді. Жіберілген голдан кейін бельгиялықтар пенальти тебу құқығына ие болды, ал Ромелу Лукаку бұл мүмкіндікті өз пайдасына жаратты. Командалар екінші таймда көптеген шабуылдар ұйымдастырғанымен, есеп өзгеріссіз қалды.

Осылайша, "Скуадра Адзурра" турнирдің жартылай финалына шықты. Роберто Манчинидің командасы келесі кезеңде Испания құрамасымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×