Парагвайды пенальти сериясында жеңген Перу құрамасы жартылай финалға өтті

03.07.2021, 14:00
Төреші бұл ойында екі ойыншыға қызыл қағаз көрсетті.
Парагвайды пенальти сериясында жеңген Перу құрамасы жартылай финалға өтті

Гояниядағы (Бразилия) "Олимпико Педро Лудовико" стадионында Перу мен Парагвай құрамалары жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салды. Кездесудің негізгі уақытында жеңімпаз анықталған жоқ - 3:3, ал пенальти сериясында Перу құрамасы жеңіске жетті.

Есепті 11-минутта Парагвай құрамасының қорғаушысы Густаво Гомес ашты. Алайда, бірінші тайм аяқталмай жатып, Перу шабуылшысы Джанлука Лападула қарсыластардың қақпасына екі рет гол соғып, өз құрамасын есепте алға шығарды. Екінші таймның басында Парагвай Джуниор Алонсоның күшімен таразы басын теңестірді. Кездесудің аяқталуына 10 минут қалғанда, Йосимар Йотун соққан голдың арқасында перуліктер тағы да алға шықты, бірақ 90 минутта Парагвай ұлттық құрамасының шабуылшысы Габриэль Авалос көзге түсіп, есепті қайтадан теңестірді

Пенальти сериясында Перу құрамасының ойыншылары мықты болып шықты - 4:3.

Америка Кубогінің жартылай финалында Перу құрамасы Бразилия - Чили жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×