Бразилия Чили құрамасын минималды есеппен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды

03.07.2021, 14:06
Чили бір тайм бойы он адаммен ойнаған Бразилияны жеңе алмады.
Бразилия Чили құрамасын минималды есеппен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды

Рио-де-Жанейродағы (Бразилия) «Олимпико Нильтон Сантос - Энженьян» стадионында Бразилия мен Чили құрамалары кездесті. Матчта номиналды алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтағы жалғыз голды 46-минутта бразилиялық жартылай қорғаушы Лукас Пакета соқты. Екі минуттан кейін шабуылшы Габриэль Жезус қауіпті ойнағаны үшін алаңнан қуылды, алайда чилилік ойыншылар бұл басымдықты пайдалана алмады.

Бразилия құрамасы Америка кубогінің жартылай финалында Перу құрамасымен күш сынасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×