Ян Вороговский «Қайратқа» қайта оралды

03.07.2021, 15:05
Ян алматылық клубпен үш жылдық келісім-шартқа отырды.
Ян Вороговский «Қайратқа» қайта оралды

Алматылық «Қайрат» Қазақстан ұлттық құрамасының 24 жастағы қорғаушысы Ян Вороговскиймен келісім-шартқа отырғанын жариялады. Келісім-шарт 2024 жылдың жазына дейін есептелген.

Вороговский «Қайрат» сапында 2016 жылдан 2019 жылға дейін ойнаған. Жалпы ол алматылық клуб үшін 70 матч өткізіп, 3 гол соқты, 5 нәтижелі пасы тағы бар.

2019 жылдың жазында қорғаушы «Беерсхот» клубымен келісім-шартқа отырды. Бельгиялық клубта 43 ойынға қатысқан ол 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

Вороговский - Қазақстан құрамасының тұрақты ойыншысы, ол ұлттық құрама үшін бүгінге дейін 18 матч өткізіп, 1 гол соққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×