Дмитрий Шомко мансабын «Ақтөбеде» жалғастырады

03.07.2021, 15:26
Дмитрий жарақатына байланысты бірнеше ай бойы алаңға шыға алмаған болатын.
Дмитрий Шомко мансабын «Ақтөбеде» жалғастырады

"Ақтөбе" Қазақстан ұлттық құрамасының 31 жастағы қорғаушысы Дмитрий Шомкомен келісім-шарт жасасқанын хабарлады.

Дмитрий Шомко - Екібастұз футболының тәрбиеленушісі. Ол "Батыр", "Екібастұз" және "Энергетик-2" командаларында ойнады.

2009 жылдан бастап "Ертіс" клубының намысын қорғады. Павлодарлық клуб сапында Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2011 жылы ол елордалық "Локомотивте" жалға ойнап, Қазақстан Суперкубогін жеңіп алды. 2012 жылы "Ертіс" футбол клубына қайта оралып, онымен бірге елдің вице-чемпионы және Қазақстан Кубогінің финалисті болды.

2014 жылы ол "Астанаға" ауысып келді және елордалық клубпен бірге Қазақстанның алты дүркін чемпионы атанды, төрт Қазақстан Суперкубогі мен бір мәрте Қазақстан Кубогін жеңіп алды.

Дмитрий Шомко өткен маусымды волгоградтық "Ротор" клубында өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×