Әлем футболындағы соңғы трансферлер

03.07.2021, 17:30
Топ-5 лиганың клубтары алғашқы күннен-ақ құрамын күшейтуге кірісті
Әлем футболындағы соңғы трансферлер

Еуропада жазғы трансферлік терезе ашылды. Топ-5 лиганың клубтары бірінші күннен-ақ құрамын күшейтуге кірісті. Алғашқы екі-үш күнде орын алған трансферлерге тоқтала кетейік:

• "Челси" командасы мен Шотландия құрамасының жартылай қорғаушысы Билли Гилмор "Норвич Сити" клубына жалға берілді. 20 жастағы футболшы бір жыл бойы АПЛ-ге жолдама алған клубтың намысын қорғамақ.

• "Айнтрахт" клубының шабуылшысы Андре Силва мансабын "РБ Лейпциг" клубында жалғастырады. Португалиялық футболшы жаңа командасымен 5 жылдық келісім-шартқа отырды. Трансфер құны - 45 миллион еуро. 25 жастағы футболшы Бундеслиганың өткен маусымында 32 матчқа қатысып, 28 гол мен 5 нәтижелі пасты өз еншісіне жазған еді.

• "Астон Вилланың" қақпашысы Том Хитон "Манчестер Юнайтед" ойыншысы атанды. 35 жастағы қақпашы мен "қызыл сойқандар" арасындағы келісім екі жылға есептелген. Тағы бір жылға ұзарту мүикіндігі де қарастырылған.

• "Манчестер Юнайтед" 33 жастағы жартылай қорғаушы Хуан Матамен келісім-шартты бір жылға ұзартты.

• "Лестер Сити" "РБ Зальцургтің" шабуылшысы Патсон Даканы қатарға қосты. Трансфер құны 23 миллион еуроны құрады. 22 жастағы Замбия құрамасының шабуылшысы өткен маусымда 42 матч өткізіп, 34 гол мен 12 нәтижелі пастың авторы атанды.

• "Лестер Сити" 20 миллион еуроға "Лилльдің" жартылай қорғаушысы Бубакари Сумарені сатып алды. Франция жастар құрамасының футболшысы өткен жылы 32 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді. 22 жастағы футболшы өткен маусымда Франция чемпионы атанған болатын.

• "Спартак" "Челсидің" 30 жастағы нигериялық жартылай қорғаушысы Виктор Мозесті сатып алды. Мозес өткен маусымда дәл осы ресейлік клубта жалдау шарты бойынша өнер көрсеткен еді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×