Италияның "А Сериясына" шолу

26.12.2013, 05:02
Италияның "А Сериясына" шолу
Миландық дерби-кез әрқашанда дерби. Бұл ойындағы жеңіс, психологиялық  жеңіс. Интер бұл маусымда чемиондар лигасындағы орынға таласуда болса,  ал “Милан” “Серия А-ның” ортаң қол командасына айналып бара жатқан  секілді. Ойын өте қызу өтті. Алаңдағы әр доп ойын үшін күрес, трибунадағы  қақтығыс, Мунтаридің алаңнан қуылуымен аяқталған ойыншылар арсындағы  төбелес, ойыннан 86-шы минутында “Интер” жұлып әкеткен жеңіс. Бір  сөзбен айтқанда, дербиге тән қасиеттің барлығы болды, матчта. Интер-Милан-1:0(0:0) Голдар: Паласио 86     Жақында ғана “Чемпиондар лигасының” плей-оффына өте алмай қалған туриндіктер, ашуға мінген сияқты. Өткен турда, “Сассуолоны” жермен-жексен еткен “Ювентусқа”, бүгін міне, чемпионаттың “ортан қол” командасы болып саналғанмен, өз алаңында кез келген қарсыласқа күш көрсете алады. Есепті 6-шы минутта Карлос Тевес ашты. Бірақ, алаң қожайындары 15-ші минутта Моралестың күшімен есеті теңестірді. 1-ші таймның қалған жарты сағатында, алаңда тең ойын өткенімен, 2-ші тайм басталысымен Конте шәкірттері есепте алға шықты. Гол авторы-Франциялық жас ойыншы Погба. Қалған уақытта Аталанта қанша берілмеуге тырысқанмен, тәжірбиелі Конте шәкірттері қойсын ба, 75-ші минутта Льоренте, 79-шы минутта Видаль гол салып, команда үшін ірі жеңісті алып келді. Иә, жағдай осылай өрби берсе, кезекті “скудеттоны” қоржыңдарына салатындары анық. Қарсыластарының ойнында да тұрақтылық жоқ. “Рома” 4 матч қатарынан тең ойнады, “Наполи” бірде жеңеді, бірде жеңіледі, “Интер” де солай, ал “Милан” чемпиондыққа таласпақ түгілі, еурокубоктық орындарға жақындаудың өзі мұң олар үшін. Аталанта-Ювентус-1:4(1:1) Голдар: Моралес 15 Тевес 6 Погба 46 Льоренте 75 Видаль 79 Маусымды қатарынан 10 жеңіспен бастаған, “Рома”, келесі 4 ойында да, 1 ұпайдан еншіледі. Оның арасында аутсайдерлер де болған еді. Бір қарағаннан, бұл ойында 3 ұпайды оңай еншілейтін сияқты. Қарсыласы-“Катанья”. Аутсайдер. Чемпионаттың соңғы орнына жайғасқан команда. Егер, “Рома” “Олимпико” стадионында “Сасуоло”, ”Кальяри” сияқты командалармен тең ойнағанын еске алсақ, “қасқырлардың” жеңісіне күмәнмен қарауға болады. Бірақ, “Рома” бұндай “дәстүрге” жол бермеді. Аутсайдерді жермен-жексен етті десек те, болады. Ойынның 18-ші минутында, бұрыштама добынан кейін, Мехди Бенатиа өз командасын алға шығарды. Үзіліске командалар, “Романың” “минимальды” басымдылығымен кетті. Үзілістен кейін, 57 минутта Дестро, қақпашы қәтелігін пайдаланып есепті еселесе, 4 минуттан Бенатиа дубль жасап, есепті іріледі. Ал, матчтың нүктесін 81-ші минута Жервинью қойды. “Ювентуспен” арасындағы ұпай санын 5-еуге қысқартқан Руди Гарсия шәкірттері, 2-ші орында келеді. Рома-Катанья-4:0(1:0) Голдар: Бенатиа 18 Дестро 57 Бенатиа 61 Жервинью 81 “Серия А-ның” қалған матчтарының нәтижелерімен таныс болыңыздар: Ливорно-Удинезе-1:2(1:1) Голдар: Силигарди 32 Лопес 11 Эрто 65 Кальяри-Наполи-1:1(1:1) Голдар: Нене 9 Игуаин 18(пенальтидан) Болонья-Дженоа-1:0(0:0) Голдар: Диаманти 57 Верона-Лацио-4:1(2:1) Голдар: Тони 5 Билья 27 Итурбе 44 Ромуло 53 Тони 78 Сампдория-Парма-1:1(1:0) Голдар: Эдер 44 Лукарелли 64 Сасуоло-Фиорентина-0:1(0:0) Голдар: Росси 82 Торино-Кьево-4:1(1:1)     Команда Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Д-А Ұпай 1           Ювентус 17 15 1 1 39 / 11 46 2           Рома 17 12 5 0 35 / 7 41 3           Наполи 17 11 3 3 36 / 20 36 4           Фиорентина 17 10 3 4 33 / 20 33 5           Верона 17 9 2 6 31 / 26 29 6           Интер М 16 7 7 2 36 / 21 28 7           Торино 17 6 7 4 30 / 24 25 8           Парма 17 4 8 5 23 / 25 20 9           Дженоа 17 5 5 7 17 / 20 20 10           Лацио 17 5 5 7 22 / 26 20 11           Удинезе 17 6 2 9 17 / 22 20 12           Кальяри 17 4 8 5 18 / 24 20 13           Милан 16 4 7 5 25 / 25 19 14           Сампдория 17 4 6 7 19 / 25 18 15           Аталанта 17 5 3 9 18 / 25 18 16           Кьево 17 4 3 10 13 / 23 15 17           Болонья 17 3 6 8 17 / 31 15 18           Сассуоло 17 3 5 9 17 / 36 14 19           Ливорно 17 3 4 10 16 / 29 13 20           Катания 17 2 4 11 10 / 32 10   Жолдаған: Фараби Әбдіхалық
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×