Неміс "Бундеслигасына” шолу

26.12.2013, 09:26
Неміс "Бундеслигасына” шолу
Чемпионаттың бірінші айналымының аяқ жағы, дортмундықтар үшін сәтсіз болды. 11 турдан кейін Бавариямен ұпай саны тең болып, көш бастап тұрған Юрген Клопп шәкірттері. Одан кейінгі 6 ойында 4 ұпай еншіледі. Бұндай нәтиженің өз себебі де бар. Қатардағы негізгі ойыншыларының жарақаты. Әсіресе, 2 негізгі қорғаушы, Субботич пен Хуммельс жарақаты. Міне, бүгінде жоқтауын жоқтады, Боруссия. Бірінші айналымның соңғы турында, өз аланыңда Берлиннен келген “Гертаны” қабылдады. Матч өте сәтті басталды, қожайындар үшін. 7 минутта, қазіргі таңдағы команданың лидері, Марко Ройс есеп ашты. Осыдан кейін де, Боруссия өз шабуылын тоқтатпады. Есепті еселеуге бір емес, бірнеше мүмкіндік болды есепті еселеуге. Футболдың “сен салмасан, саған салады” деген жазылмаған заңы бар. Эрик Дурмның қәтелігін пайдаланған, Адриан Рамос, есепті теңестіріп, Бундеслигадағы, осы маусымдағы 11 голын салды. Бұнымен, Клопп шәкіртерінің қорғаныстағы қәтелігі бітпеді. Орталық қорғаушы Мариан Саррдың қәтелігінең кейін, Аллаги, Роман Вайденфеллермен бірге-бір шығып, 45 минутта есепте қонақтарды алға шығарды. Үзілістен кейін, берлиндіктер қорғанысқа тас қамал жатып алып есепті теңестіруге Боруссияға ешқандай мүмкіндік бермеді. Сонымен, осы маусымдағы, өз үйінде, 3-ші рет жеңілісін тапты. Дортмундықтар, осы турдан кейін, тіпті өзінің 3-ші орынын да жоғалтып алуы мүмкін. Боруссия Д - Герта- 1-2(1:2) Голдар: Марко Ройс 7 Рамос 23 Аллаги 45 Негізі, 17-ші тур Бундеслигасы сенсацияға толы болды. 2-ші орында тұрған Байер қонаққа аутсайдерлердің бірі, “Бремендік музыканттар” деген лақап аты бар Вердерге қонаққа барды. Бір кездері “Чемпиондар лигасында” өнер көрсетіп жүрген Бремендіктердің жағдайы қиын. Бундеслигадағы қорғанысы ең осал команда. Робин Дутт шәкірттері соңғы 5 ойында ең аз дегенде,матч сайын қақпаларына 3 гол өткізді. 3 ойында 14 гол өткізу нағыз аутсайдерлерге тән қасиет. Егер статистикаға көз жүгіртсек, 2 команда 14 ойын өткізіп, 4 рет Байер, 4 рет Вердер жеңіске жетіп, 6 ойында тең түскен. Тіпті, доп айырымдары да тең, 19:19. Ойынның 75-ші минутына дейін, жасыл алаңда екі команда тең ойнайды. 74-ші минутта, кейін ойынның үздік ойыншысы аталған, Аарон Хант Макиадиге голға айналатын пас берген. Жартылай қорғаушы, қақпашы Рольфестен айласын асыра алмағанмен, дер кезінде керек жерден табыла кеткен Гарсия, кері қайтқан допты қақпаға тоғытып есепті ашты. Қалған уақытта, Хьююпя шәкірттері қанша шабуылдағанмен есепті теңестіруге алмады. Бұл жеңісі арқылы, Вердер өзінің 5 матчқа созылған жеңілістер сериясын тоқтатты. Ал, Байер кезекті 3 ұпайына қол жеткізе алмай, Бавариямен арасындағы ұпай санын қысқарта алмады. Қысқы үзіліске “Леверкузендіктер” 2-ші орында кетті. Вердер- Байер-1-0(0:0) Голдар: Гарсия 74 Естерінізге сала кетсек. Бундеслиганың 17-ші туры, көшбасшы “Баварияның” қатысуынсыз өткен болатын. Оған себеп, Мароккода өткен клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысуы. Және, финалдық ойында “Раджа Касабланканың” қақпасына жауапсыз 2 гол тоғытқан “Бавария” өз тарихында тұңғыш рет осы турнирді жеңіп алды. Бұл Гвардиола үшін де өзіндік рекорд. 2009 жылы “Барселонамен” жеңген католондық, енді неміс командасымен жеңіске жетті. Бұл әлем футболында болмаған оқиға, яғни, бұған дейін ешкім 2 командамен жеңіске жетпеген. Енді, Бундеслиганың қалған матчтарының нәтижелерімен таныс болыңыздар.

Айнтрахт Ф-Аугсбург-1:1(1:1) Розенталь 42  Бобадилла 33

Боруссия М-Вольфсбург-2:2(0:0)                                                                                                                                                                                               Голдар: Диего 53 Раффаэл 59 Аранго 64 Дост 85

Фрайбург-Ганновер-2:1(2:0)                                                                                                                                                                                                      Голдар: Мехмеди 25 Биттенкурт 90+3    Мехмеди 36

Гамбург-Майнц-2:3(1:0) Голдар:  Калханоглу 21 Окадзаки 47   Ван дер Варт 79 Мюллер 50 Окадзаки 90+2

Айнтрахт Б-Хоффенхайм-1:0(1:0) Голдар:   Эрль 29(пенальтидан)

Боруссия М-Вольфсбург-2:2(0:0) Голдар:  Диего 53 Раффаэл 59  Аранго 64 Дост 85

Нюрнберг-Шальке 04-0:0

Турнир кестесі: 1. Бавария 16 14 2 0 42:8 44 2. Байер 17 12 1 4 32:16 37 3. Боруссия 17 10 3 4 35:19 33 4. Боруссия 17 10 2 5 38:20 32 5. Вольфсбург 17 9 3 5 28:19 30 6. Герта 17 8 4 5 27:20 28 7. Шальке-04 17 8 4 5 32:28 28 8. Аугсбург 17 7 3 7 21:25 24 9. Майнц 17 7 3 7 25:31 24 10. Штутгарт 16 5 4 7 29:31 19 11. Вердер 17 5 4 8 22:37 19 12. Хоффенхайм 17 4 6 7 36:38 18 13. Ганновер-96 17 5 3 9 23:31 18 14. Гамбург 17 4 4 9 33:38 16 15. Айнтрахт 17 3 6 8 20:29 15 16. Фрайбург 17 3 5 9 16:31 14 17. Нюрнберг 17 0 11 6 17:33 11 18. Айнтрахт 17 3 2 12 10:32 11   Жолдаған: Фараби Әбдіхалық
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×