“Испан примьерасына” шолу

26.12.2013, 09:08
“Испан примьерасына” шолу
Чемпиондар лигасында да, ішкі біріншілікте де, жолына кезіккен қарсыластың бәрін тегістеп келе жатқан “Атлетико”, 17 тур ойынында, өз алаңында шабуыл өті ең осал саналатын команда, “Левантенің” қарсылығына тап болды. Ойындағы есепті, бірінші шабуылда-ақ, 1-ші минутта қонақтар ашты. Голдың авторы-Иванщитц. Жауапты голды тез арада соқпаса жағдайдың қиындайтынын білген Симоне шәкірттері, бар күшімен Леванте қақпасына шабуылды үдетті. Ол өз жемісін берді. 30 минутта Диего Годин есепті теңестірді. Шабуылдарын тоқтатпағанмен, үзіліске 2 команда тең тарқасты. 2-ші таймның 2-ші минутында-ақ есепте алға шықты алаң қожайндары. Голдың авторы, команданың үздік снайпері-Диего Коста. Бірақ, қонақтар 10 минуттан кейін теңестіріп кетті. Гол салған қонақтардың үздік ойыншыларының бірі- Педро Риос. Чемпионатта көш бастауды ойлайтын “Атлетиконың” жоспарына, өз алаңында 2 ұпай жоғалту кірмеген еді. Матч аяқталуына 13 минут қалған кезде Хуанфранға қарсы тәртіп бұзылғаны үшін, пенальтидан гол тоғытқан Диего Коста, өз командасы үшін чемпионаттағы 15 жеңісті алып келді. Атлетико-Леванте-3:2(1:1) Годин 30 Иванщитц 1 Диего Коста 47 Педро Риос 57 Диего Коста 77(пенальтиден) Месси жоқ болса, Неймар, Неймар жоқ болса, Педро. “Хетафемен” болған ойында, “Барселона” сапында Месси да, Неймар да, тіпті, Хавида болған жоқ. Бұлардың жоқ кезінде, команданың тағы бір, Педро есімді “лидері” табылды. Жалғыз өзі-ақ матч тағдырын шешті десек те болады. Бірақ, матчтың 15-минутына дейін “Хетафе”, Пинтоның қақпасына Серхио Эскудеро мен Лисандро Лопестің арқасында жауапсыз 2 гол тоғытып, католондықтардың жанкүйерлерін алаңдатып, ойыншыларын састырды. Тіпті, 35-ші минутқа дейін, Мартино шәкірттерінің ойыны жүрмеді. Міне, осы кезде “лидер”, “сөз кезегін” өзіне алды. 26 жасар Педро бар-жоғы 7 минуттың ішінде 3 гол салып, командасын алға шығарды. Үзілістен кейін, алаң қожайындары шабуылдар жасап, есепті теңестіруге тырысқанмен, ел чемпионының тас қамал қорғанысын бұзып өтуге қауқары жетпеді. Оның есесіне, “Барселона” есепті еселей түсті. Сеск Фабрегас, Педроның пасынан кейін, есепті 4-2 ге жеткізді. 4 минуттан соң, яғни, 72-минутта Фабрегас пенальтидан матч нүктесін қойды. Пенальтиді олжалаған, сол баяғы Педро. Барселона, ұпай саны тең болғанымен, доп айырмасының көрсеткіші бойынша, Атлетиконы басып озып, 1-ші орынға шықты. Ал, осы матчтың қаһарманы, Барсаның 5 голына да қатысы бар Педро, қaзірге команданың үздік бомбардирі. Хетафе-Барселона-2:5(2:3) Голдар: Эскудеро 10 Педро 34 Лопес 14 Педро 41 Педро 43 Фабрегас 68 Фабрегас72(пенальтидан) Корольдік клуб “Валенсияға” қонаққа барды. Өзінің басты қарсыластары “Атлетико” мен “Барселонаның” жеңісінен кейін, мадридтіктерге жеңіс ауадай қажет. Егер жеңілсе, екеуінен 8 ұпай артта қалады. Осыны түсінген, Анчелотти шәкірттері, ойын басталысымен шабуылда табандылық танытып, Ди Марияның голының арқасында есеп ашты. Осыдан кейін де, матч тізгінін қолдарында ұстағанмен, “Валенсия” күтпеген жерден есепті теңестіріп кетті. Гол авторы-Пабло Пьятти. Үзіліске дейін есепте алға шығуды ойлаған “Реал”, бірнеше шабуылдар жасап, 39 минутта Роналду, Ди марияның әуелетіп берген пасынан кейін, Гуаитаның қақпасына гол тоғытып, өз командасын алға шығарды. Бірінші тайм осындай нәтижемен аяқталды. Екінші таймның 63-ші минутында, “Валенсия” тағы да, күтпеген жерден гол салды. Бұрыштама добы орындалған кезде, Матье қырағылық танытып, есепті екінші рет теңестіріп кетті. Корольдік клубтың итальяндық бапкері Карло Анчелотти, ойыны жүрмеген Исконың орнына Хесе Родригесты шығарды. Бұл ойыншы бапкер үмітін ақтап, 82-ші минутта гол авторы атанып, командасы үшін маңызды 3 ұпайды алып келді. Валенсия-Реал Мадрид Голдар: Пьятти 33 Ди Мария 28 Матье 63 Роналду 39 Хесе 82 Испан примьерасының 17 турының басқа да нәтижелерімен таныс болыңыздар. Вильяреал-Севилья-1:2(0:1) Голдар: Пербат 88(пенальтиден) Кала 24 Бакка 71 Бетис-Альмерия-0:1(0-1) Азиз 4 Гранада-Реал Сосьедад-1:3(1:2) Пити 37 Вела 29 Гризманн 42 Вела 65 Эспаньол-Вальядолид-4:2(2:0) Серхио Гарсия 5(пенальтиден) Хави Герра 75 Стуани 37 Виктор Перес 89 Виктор Санчес 68 Стуани 70 Эльче-Малага-0:1(0:1) Камачо 7 Турнир кестесі: Команда ойын жеңіс тең женіліс Доп айырымы Ұпай 1. Барселона 17 15 1 1 49:12 46 2. Атлетико 17 15 1 1 46:11 46 3. Реал 17 13 2 2 49:21 41 4. Атлетик 17 10 3 4 26:21 33 5. Реал Сосьедад 17 8 5 4 33:23 29 6. Вильярреал 17 8 4 5 27:18 28 7. Севилья 17 7 5 5 32:29 26 8. Хетафе 17 7 2 8 20:27 23 9. Эспаньол 17 6 4 7 22:23 22 10. Малага 17 5 5 7 19:22 20 11. Валенсия 17 6 2 9 23:29 20 12. Гранада 17 6 2 9 15:22 20 13. Леванте 17 5 5 7 17:25 20 14. Эльче 17 4 5 8 16:23 17 15. Сельта 17 4 4 9 21:27 16 16. Альмерия 17 4 4 9 17:32 16 17. Вальядолид 17 3 6 8 21:29 15 18. Осасуна 17 4 3 10 14:28 15 19. Райо Вальекано 17 4 1 12 16:40 13 20. Бетис 17 2 4 11 15:36 10   Жолдаған: Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×