Суаресті сатып алуға мүмкіндік бар

24.12.2013, 02:05
Суаресті сатып алуға мүмкіндік бар
Уругвайлық шабуылшы Суарес соңғы кездері сұрапыл ойындарымен көзге түсуде. Содан болар, оны өз қатарларынан көргісі келетін командалардың саны көбейген болатын. Алайда, «Ливерпуль» командасы үздік шабуылшымен арадағы келісімді тағы да бес жылыға созғанын жариялаған еді. Бұл хабар жаңағы командалардың үмітіне су себе алған жоқ. Себебі, Суареске байланысты келісім-шартта оны сатып алуға мүмкіндік беретін бір саңылау сақталған екен. «Ливерпуль» мен Луис арасындағы келісімде көрсетілуінше, Англиялық емес клубтардың оны сатып алуына болады. Бірақ, ол үшін «Ливерпульдің» қалтасына 60-70 млн Фунт стерлингті санап салуы керек. Егер Суарестің қазіргі командасы келесі жазда чемпиондар лигасына жолдама алып жатса, оны сатып алуға төленетін қаржының көлемі 100 млн фунтқа жетуі де әбден мүмкін. Оны сатып алғысы келетіндердің арасында Мадридтің «Реалы» да бар. Дәл осы клубтың жазда 100 млн еуроға жақын бағаға Гарет Бэйлді қатарларына қосқанын жақсы білеміз. қазіргі жағдайдан қарағанда, Суарес Бэйлден әлде қайда мықты екенін көрсетуде. Осыны ескере отырып, Суарес үшін де сол мөлшердегі қаржыны төлеп жатса таңғалудың қажеті жоқ секілді.     Қуанышхан ӨМІРХАН
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×