Италияның финалдағы қарсыласы анықталды

08.07.2021, 13:39
Жеңімпазды анықтау үшін экстра-тайм қажет болды.
Италияның финалдағы қарсыласы анықталды

2020 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалында Англия құрамасы Даниямен кездесті. Ойын Лондондағы (Англия) "Уэмбли" стадионында өтіп, ағылшындардың жеңісімен (2:1) аяқталды.

Кездесудің 30-минутында Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Миккель Дамсгор айып добынан гол соғып, есеп ашты. Тоғыз минуттан кейін Англия шабуылшысы Гарри Кейн Рахим Стерлингке пас асырды, ал "Манчестер Сити" футболшысы Букайо Сакаға пас берген еді, Дания қорғаушысы Симон Кьер өз қақпасына гол соғып алды. Кездесудің қосымша уақытында төреші Дэнни Маккели Дания құрамасының қақпасына пенальти тағайындады. Англия құрамасының шабуылшысы Гарри Кейннің 11 метрлік айып добынан тепкен добын Каспер Шмейхель қайтарды, бірақ кері серпілген допты Кейн голға айналдырды.

Осылайша, Англия құрамасы Еуро-2020 турнирінің финалына шықты, олар ақтық кезеңде Испанияны жеңген Италия құрамасымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×