"Қызыл-Жар" Қазақстан Премтер-лигасының 16-туры аясында "Ақжайық" клубын қабылдады. Матч Петропавлдағы "Қарасай" стадионында өтіп, 0:1 есебімен оралдық клубтың пайдасына шешілді.
Ойындағы жалғыз гол 51-минутта соғылды. "Ақжайықтың" жартылай қорғаушысы Иван Антипов жеңісті голдың авторы атанды.
24-ші ұпайын қоржынға салған Владимир Мазяр шәкірттері турнирлік кестеде төртінші орынға көтерілді. 21 ұпайы бар петропавлдық клуб жетінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET