Хорватия ұлттық құрамасының бас бапкерінің көмекшісі Ивица Олич ойын алдында пікір білдіріпті.
"Бразилияны ұтуға мүмкіндігіміз бар. Біздің шамамыз оған жетеді. Ұлттар Лигасындағы Францияға қарсы ойында бізді кім фаворит деп ойлаған. Бірақ, біз қайратты құрам екенімізді дәлелдедік, діттеген жеңісімізге жеттік. Сондықтанда біз Бразилиядан қорықпаймыз. Бастысы "селесаоға" ойынның алғашқы отыз минутында басымдылық бермеу керек.
Модрич? Лука әр кезде үздік өнер көрсетеді. Оған күмәнда жоқ. Ол біздің көшбасшы. Жасына қарамастан, ол әлі қуатты. Оның ағалық ақылы мен аяққа салып берер голдық пастарды бүгінгі ойында жеңіске жетуге сеп болуы керек".
Біздің серіктес: FONBET