"Қайрат" клубының қожайыны Қайрат Боранбаевтың иелігінде болған "Phystech II" мұнай өндіруші компаниясы мемлекетке өткеннен кейін 10,1 миллиард теңге шығынмен жабылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Protenge мәліметі бойынша, 2025 жылға арналған қаржылық есептемеге сәйкес, компанияның түсімі 6,4 миллиард теңгені құрағанымен, жалпы шығын көлемі 10,1 миллиард теңгеге жеткен. Салыстыру үшін айта кетсек, бір жыл бұрын компания 24 миллион теңге көлемінде шағын болса да пайда көрсеткен болатын.
"Phystech II” компаниясы бұған дейін Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған. 2023 жылы актив мемлекет меншігіне алынып, "Самұрық-Қазына" қорының басқаруына берілген еді.
2026 жылдың мамыр айының соңында компания ресми түрде "ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының құрылымына толықтай өтті.
Компания Маңғыстау облысындағы "Солтүстік Қаражанбас” кен орнында мұнай өндіру құқығына ие.