Биылғы додаға қатысқан клубтардың қанжығасы майланып, тапқан табыстары белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Турнир барысында бәрінен де мюнхендік “Бавария” көп пайда тапты. Германиялық клубтың бюджеті 127,3 млн еуромен толықты. Одан кейінгі орындарда мына командалар тұр:
• “Арсенал” — 124,7+ млн еуро
• “ПСЖ” — 120,9+ млн еуро
• “Ливерпуль” — 109,5 млн еуро
• “Атлетико Мадрид” — 104,2+ млн еуро
• “Реал Мадрид” — 102,6 млн еуро
• “Барселона” — 100,3 млн еуро
Өкінішке қарай, турнирге қатысушылардың ішінде ең аз табыс Алматылық ұжымға тиесілі болып отыр. “Қайрат” клубы биылғы маусымда 21,2 млн еуро алды. Бұл — биылғы додаға қатысқан командалар арасындағы ең төменгі көрсеткіш.