Бос орынға таласуда – “Оқжетпес” тізгініне кім келеді?

Бүгін, 14:38

Көкшетаулық “Оқжетпес” футбол клубында кадрлық төңкерістер жалғасуда, деп хабарлайды Aladop.kz.

Бос орынға таласуда – “Оқжетпес” тізгініне кім келеді?

Мұрат Тілешев қызметінен кеткеннен кейін, команданың жаңа басшысы кім болатыны туралы мәселе күн тәртібіндегі басты тақырыпқа айналды. Sports24.kz мәліметінше, бос орынға үміткерлердің тізімі айтарлықтай қомақты.

Клуб басшылығы лауазымына негізгі үміткерлер ретінде Қазақстандық футбол жұртшылығына жақсы таныс есімдер аталуда. Атап айтқанда:

– Ерлан Жамантаев: Клубтың бұрынғы директоры. Оның команда жұмысын іштен білуі басты артықшылықтарының бірі саналып отыр.

– Ғани Қайназаров: Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының экс-басшысы. 

Бейресми ақпарат көздерінің хабарлауынша, “Оқжетпестің” тізгініне тек отандық мамандар ғана емес, Ресейлік функционерлер де қызығушылық танытып отыр. Олар өз кандидатураларын ұсынып, клубты дамытудың жаңа жоспарларын көрсетуге дайын екендіктерін білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының басында “Оқжетпестің” директоры қызметін атқарған Мұрат Тілешев келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты орнын босатқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×