"Оқжетпес” футболшылары ертегідей сыйақыға кенелді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Еліміздің ең танымал әрі құрметті кәсіпкерлерінің бірі футболшылардың әрбір сәтті қадамы үшін қомақты ақша төлеуге уаде берді.
Жақында әлеуметтік желілерде тараған видеода “Родина” агрофирмасының бас директоры, белгілі меценат Иван Сауэрдің футболшыларға берген уәдесі жұртты таңғалдырды. Оның айтуынша, енді команданың әрбір соққан голы үшін ойыншыларға 1 000 000 теңге көлемінде сыйақы төленбек.
Мұндай жомарттық спортшылардың мотивациясын көтеріп қана қоймай, команданың турнирлік кестедегі жағдайын жақсартуға бағытталған төте жол.
Бұл жағдайға байланысты “Оқжетпестің” қорғаушысы Борис Лотоцкий Sports24.kz тілшісіне берген сұхбатында өз пікірін білдірді. Ол басшылық тарапынан жасалып жатқан қолдаудың маңызды екенін жасырмады.
“Иә, жаңа басшылық бізге сыйақы төлеуді қолға алды. Бұл бізге қалай әсер етеді? Шыны керек, премия деген жақсы нәрсе. Дегенмен, қанша ақша төленсе де, біз алаңға ақша үшін емес, жеңіске жету үшін шығамыз." — деді Лотоцкий.