Қазақстандық футболшы Бельгия чемпионы атанды

Бүгін, 14:23

Еуропа төрінде қазақ футболының тағы бір жарық жұлдызы жарқырап келеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстандық футболшы Бельгия чемпионы атанды

Бельгияның атақты “Генк” клубының академиясында доп тебетін отандасымыз Шахмұрат Дәулетов өз жас ерекшелігі бойынша ел чемпионы деген биік белесті бағындырды.

16 жасар Қазақстандық талант биылғы 2025/2026 маусымында “Генк” U-18 командасының негізгі қозғалтқышына айналды. Оң қанаттағы вингер позициясында ойнайтын Шахмұрат маусым бойы тұрақты өнер көрсетіп, командасының алтын жүлде иеленуіне тікелей үлес қосты.

Match KZ деректеріне сүйенсек, Дәулетовтің статистикасы келесідей:

17 ойын, 4 гол

Шахмұрат тек ішкі біріншілікте ғана емес, халықаралық аренада да өзін танытып үлгерді. Өткен жылы ол “Генктің” U-19 сапында УЕФА Жасөспірімдер лигасында дебют жасап, Еуропалық скауттардың назарына іліккен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×