Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының ең соңғы сатысында қалып, бірде-бір жеңіске жетпесе де (0 жеңіс, 1 тең ойын, 7 жеңіліс), Конференция лигасының болашақ жеңімпазынан көбірек табыс тапқалы тұр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Чемпиондар лигасының аутсайдері болу, Конференция лигасының королі болғаннан әлдеқайда тиімді болып отыр. Мәселен, Алматылық ұжым өз шотына 21.2 миллион еуро түсірді. Ал 27 мамырда Лейпцигте өтетін финалда Испаниялық "Райо Вальекано" немесе Ағылшындық "Кристал Пэлас” жеңіске жеткен күннің өзінде, олардың табысы 20.8 миллион еуродан аспайды.
Демек, Еуропалық кубокты басына көтеріп, тарих жасайтын команданың еңбегі, Чемпиондар лигасына жолдама алған клубтың жай ғана қатысуынан арзан болып шықты.
Ақшадан бөлек, футболдың нағыз жалыны Лейпцигтегі "Ред Булл Аренада” тұтанбақ. Бұл финалдың жөні бөлек, өйткені қос клуб та өз тарихында тұңғыш рет халықаралық деңгейдегі бас жүлдеге таласады.
"Кристал Пэлас” жартылай финалда Украиналық "Шахтерді” жалпы 5:2 есебімен қапы қалдырып, финалға шыққан. Бұл матч Лондондықтардың бапкері Оливер Гласнер үшін де ерекше. 2025 жылы Англия кубогын алып берген маман осы кездесуден соң командамен қоштасады.
Футболдағы мәртебе мен ақша әрдайым бір деңгейде жүрмейтінін осы оқиға тағы да дәлелдеді. Жеңілген "Қайраттың" табысы – жеңіске жеткен Еуропалық клубтардың арманы.