
Францияның Ле-Ман қаласында өтіп жатқан футзалдан Чемпиондар лигасы қазақстандық жанкүйерлерге үлкен қуаныш сыйлады.
Алматының «Қайраты» кезекті мәрте ерлік жасап, Еуропаның таңдаулы клубтарының басын қосқан додада финалға шықты. Бұл – клуб тарихындағы төртінші финал. Жартылай финалда «Қайраттың» қарсыласы Испания чемпионы — «Картахена» еді. Жанкүйерлердің көпшілігі испан ұжымына басымдық бергенімен, алаңда мүлдем басқа көрініс орын алды. Қазақ командасы шеберлік пен табандылық танытып, тартысты бәсекеде 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Статистикада испандықтар басым түскенімен (соққы саны — 61:34), шешуші сәттерде «Қайрат» суырылып алға шықты.
«Қайрат» – «Картахена» 3:2
Соққылар статистикасы: 34:61
Голдар: Алиссон, 16 минут (1:0), Мелладо, 20 минут (1:1), Алиссон, 37 минут (2:1), Деннис, 40 минут (3:1), Мотта, 40 минут (3:2)
4 мамыр күні «Қайрат» финалда Испанияның «Пальма» немесе «Спортинг» командаларының бірімен кездеседі.
Алматы клубының бұған дейінгі финалдары:
2013 ж. — «Қайрат» 4:3 «Динамо» (Ресей)
2015 ж. — «Қайрат» 3:2 «Барселона» (Испания)
2019 ж. — «Қайрат» 1:2 «Спортинг» (Португалия)
Біздің серіктес: FONBET