Қазақстан Бірінші лигасының 4-тур ойындары өтті

02.05.2025, 22:38

Қазақстан футбол чемпионатының Бірінші лигасында төртінші турдың ойындары аяқталды.

Қазақстан Бірінші лигасының 4-тур ойындары өтті

Турдың орталық кездесуінде Қарағандыда көшбасшылар — «Ертіс» пен «Шахтер» командалары өзара кездесіп, 0:0 есебімен тең тарқасты. Бұл нәтиже «Каспий» клубына тиімді болды. Ақтаулықтар сырт алаңда «Таразды» 2:1 есебімен жеңіп, 12 ұпаймен турнир кестесінің бірінші сатысына көтерілді.

Тур барысында екі ірі жеңіс тіркелді. «Қайраттың» жастар командасы өз алаңында «Екібастұзды» 7:0 есебімен тас-талқан етті. Ал аутсайдерлер тартысында «Оңтүстік Академиясы» «Түркістаннан» 3:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ «SD Family» сырт алаңда «Жетісайдан» 1:2 есебімен жеңісті жұлып алды. Екі ойын тең нәтижемен аяқталды. AKAS өз алаңында «Хан-Тәңірімен» 1:1 ойнаса, «Алтай» өз стадионында «Ақтөбенің» жастар құрамасымен 0:0 есебімен тең түсті.

Осылайша, төрт турдың қорытындысы бойынша, «Каспий» 12 ұпаймен жеке-дара көш бастап тұр. Одан кейін 10 ұпайдан жинаған «Ертіс» пен «Шахтер» орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×