«Қайрат» - «Қызыл-Жар» кездесуіне болжам

21.06.2025, 15:48

13-турда ҚПЛ чемпионы «Қызыл-Жарды»  қабылдайды.

«Қайрат» - «Қызыл-Жар» кездесуіне болжам
Милич Чурчич «Қызыл-Жар» бас бапкері

Алматылықтар өткенде ойламаған жерден ұпай жоғалтқан - «Жетісумен» 2:2 ойнап, «Астананы» алға шығарып алды. Енді бүгін Рафаэль Уразбахтиннің командасы қатарынан екінші ойында ұпай жоғалтқысы келмейтіні анық. Жалпы, «Қайрат» таяуда Чемпиондар Лигасының іріктеуіндегі матчтарын бастайды. Команда жауапты кезең алдында бабына келіп алуы тиіс. Сол үшін алматылықтар бүгін барын салып, тиімді нәтижеге жетуге тырысады деген сөз. «Қайрат» 13 кездесуде 27 ұпай жинап, екінші орынға жайғасқан. 

Петропавлдық клуб соңғы төрт ойынның екеуінде фавориттермен жолықты - «Елімаймен» 1:1, «Ақтөбемен» 1:1 ойнаған. Жалпы, осы маусымда Милич Чурчич командасы топ-клубтарға қарсы тәуір ойынымен есте қалуда. Петропавлдық ұжым 12 матчтан кейін 14 ұпаймен сегізінші сатыда келеді. 

Біздің болжам матчтың тоталы 3-тен кем болады. Fonbet.kz бұған 1.78 коэффициент беріп отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×