
«Ордабасы» футболшылары матчтан кейін
Қазақстандық танымал бапкер Алмас Құлшынбаев ҚПЛ-дің 13-турындағы «Оқжетпес» - «Ордабасы» кездесуінің фаворитін айтып, болжам жасады.
«Оқжетпес» өте тәуір көрінуде, өзінің ойынын тапқандай. Өткен турда «Астанадан» ойсырай ұтылған кездің өзінде де команда жаман ойнамаған еді. «Ордабасы» бұл маусымды сүреңсіз өткізуде - үлкен еңбекпен келетін жеңістер түсініксіз жеңілістер мен тең нәтижелермен қатарласып келеді. Бұл бәсекеде тең ойын болып, «Оқжетпестің» жеңісімен аяқталады деп болжаймын», - деді А. Құлшынбаев.
«Оқжетпес» 12 матчта 20 ұпай жинап, бесінші келеді. Ал шымкенттік команданың еншісінде 16 ұпай. «Ордабасы» 7-орынға жайғасқан.
Біздің серіктес: FONBET