
Ағылшынның атақты «Ливерпуль» клубы 21 жастағы венгриялық қорғаушы Милош Керкезді өз құрамына қосу жөнінде «Борнмутпен» келісімге келді.
The Athletic сайтының мәліметінше, мерсисайдтық клуб жас қорғаушы үшін £40 миллион (шамамен €46,8 миллион) төлейтін болады. Керкез келесі аптада медициналық тексерістен өтіп, одан кейін «Ливерпульмен» бес жылдық келісімшартқа қол қояды деп күтілуде.
Өткен маусымда Керкез барлық турнирлерде 41 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген. Қазіргі таңда ойыншының «Борнмутпен» келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, футболшының нарықтық құны €45 миллионға бағаланады.
Біздің серіктес: FONBET