Георгий Жуков «Ақтөбені» неге таңдағанын түсіндірді

20.06.2025, 20:07

«Ақтөбе» клубының жаңа ойыншысы Георгий Жуков өз ауысуына қатысты пікір білдірді.

Георгий Жуков «Ақтөбені» неге таңдағанын түсіндірді

— Менің мақсаттарым клубтың амбицияларымен толық сәйкес келді. Сондықтан дәл осы жердемін. Алда маңызды ойындар күтіп тұр. Командаға көмектесуге және жанкүйерлерімізді қуантуға үлкен ықыласпен келдім, – деді жартылай қорғаушы.

Георгий Жуков Қазақстан футболын жақсы білетінін атап өтті.

— Командадағы көптеген ойыншыларды бұрыннан танимын. Бағдат Қайыровты білемін, Әлібек Қасыммен бірге ойнағанбыз. Ел чемпионатын бақылап жүремін. Данияр Үсеновті де танимын. Ол бұрын «Қайратта» ойнаған. «Ақтөбе» әрқашан талантты жастарымен танымал. Футбол әлемі тар. Легионерлер де таныс. Қайда келгенімді жақсы түсініп тұрмын.

— Мұнда келгеніме өте қуаныштымын. Жанкүйерлердің қолдауына үміт артамын. Өз тарапымнан алаңда бар күшімді салып, жанкүйерлерді қуанту үшін барымды саламын. Әсіресе 13-сектордағы жанкүйерлермен бірге жеңістерді атап өтуді асыға күтемін. Бұл армандардың бәрі орындалады деп сенемін, – деп қорытындылады Жуков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×