Бактиер Зайнутдинов «Бешикташ» клубынан кететін ойыншылардың тізіміне енді

20.06.2025, 19:03

Түркияның әйгілі «Бешікташ» футбол клубы құрамын жаңартып, жалақы қорын азайту мақсатында тоғыз ойыншымен қош айтысуға дайындалып жатыр.

Бактиер Зайнутдинов «Бешикташ» клубынан кететін ойыншылардың тізіміне енді

Takvim басылымына сілтемесіне сүйенсек, Стамбул командасынан кетуі ықтимал негізгі үміткерлердің бірі – Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов.

«Ресейден үлкен үмітпен әкелінген қазақ футболшысы соңғы екі жылда командаға айтарлықтай үлес қоса алмады. Қазіргі таңда оған Ресей клубтары тарапынан қызығушылық сақталып отыр. Оның кетуі легионерлерге арналған квотаны босату тұрғысынан да маңызды», – деп жазады түрік басылымы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×