«Тобылдың» бұрынғы директоры: Өзбекстанда футболды алаяқтардан тазартқаннан кейін бірден нәтиже болды

20.06.2025, 17:57

Қостанайлық «Тобылдың» бұрынғы бас директоры Андрей Канчельскис отандық футболдың аяғына тұсау болып жабысқан негізгі мәселені алға тартты.

«Тобылдың» бұрынғы директоры: Өзбекстанда футболды алаяқтардан тазартқаннан кейін бірден нәтиже болды
Андрей Канчельскис

«Қазір футболға негізінен дилетанттар келеді. Мен де ондайлармен «Тобылда» кездестім: олар Санжар Сейтқазинов пен Әлімжан Қалдияров. Көлденең көк аттылар мен алаяқтар. Солардың кесірінен футболда үлкен мәселелер туындауда. Футболға ешқандай қызығушылығы жоқ мұндай адамдар жоғары эшелондарда да бар. Олардың бар ойы тек ақшада. Қазақстан солардан құтылған кезде футбол дамиды. Неден қорқады? Осы мәселе туралы неге айтпасқа? Олар жайлы барлығы біледі ғой. Қостанай облысының әкімі қайда қарап отыр? Өзбекстанда футболды алаяқтардан тазартқаннан кейін бірден нәтиже болды», - деді А. Канчельскис «BorodAbata» сайтына берген сұқбатында.

Андрей Канчельскис қостанайлық клубты 2023-жылы басқарған. «Тобыл» ҚПЛ-2025-те 11 кездесуден кейін 24 ұпаймен төртінші оынға табан тіреді. Келесі турда Нұрбол Жұмасқалиевтің шәкірттері «Жетісумен» жолығады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×