
Алматының "Қайрат" футбол клубы 27 жастағы Португалиялық қорғаушы Луиш Матамен келісімшарт жасасқанын ресми түрде мәлімдеді.
Футболшы 2024 жылғы маусым басында Алматылық клубқа қосылған. Осы уақыт ішінде барлық турнирлерде 9 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берген. Ол қорғаныста сенімді ойынымен көзге түсіп, команданың негізгі құрамынан өз орнын табуда.
Бұған дейін Луиш Мата "Қайратта" Польшаның "Заглембе Любин" клубынан жалға ойнаған болатын. Енді тараптар толыққанды келісімге келіп, қорғаушы 2026 жылға дейін Алматыда қалатын болды.
Біздің серіктес: FONBET