“Бос қақпаға соқты” - ҚФФ өкілі Сәтпаевты мақтауға әлі ерте дейді

06.05.2025, 10:30

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің жетекшісі, Aladop.kz сайтының құрылтайшысы Ермұхамед Мәулен ел чемпионатының 7-турында "Ұлытауға" қарсы матчта дубль авторы атанған "Қайраттың" жас шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың ойынына қатысты пікір білдірді.

“Бос қақпаға соқты” - ҚФФ өкілі Сәтпаевты мақтауға әлі ерте дейді

"Иә, Сәтпаев екі гол соқты. Бірақ екеуі де дерлік бос қақпаға соғылды. Сол үшін шектен тыс мақтаудың қажеті жоқ. Мұндай таланттарға қатал қарау керек, босаңсытпау қажет. Жұлдыз ауруына ұрынбас үшін оны әрқашан қамшы салып сынап отыру керек. Екі гол — “Челси” секілді клубта ойнауға үміткер ойыншы үшін жеткілікті деңгей емес, бұл ұят.” – деді Ермұхамед Мәулен Fonteam ютуб арнасында.

Аталған ойында Сәтпаев 2 гол соғып, маусымдағы голдар санын 6-ға жеткізіп, сұрмергендер тізімінде көшбасшыға айналды. 

Алайда, Ермұхамед Мәуленнің айтуынша, жас футболшы тек гол соғумен шектелмей, жоғары деңгейдегі ойындарда тұрақты түрде өз шеберлігін дәлелдеуі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×