
"Манчестер Сити" командасының бас бапкері Хосеп Гвардиола өзінің бапкерлік жолындағы ең күрделі қарсыласының кім болғанын ашық айтты.
"Клопптың “Ливерпулі” – менің бапкерлік жолымдағы ең үлкен сынақ болды. Ол әрдайым маған бас ауруын сыйлайтын. Командаммен бірге күндіз-түні талдау жасап, оны қалай тоқтатуға болатынын түсінуге тырыстым. Кейде “Мен оны жеңдім” деп ойлайтынмын, бірақ келесі күні күйреген күйде оянатынмын. Мен ешқашан бұдан да мықты қарсыласты кездестірген емеспі.” – деді Гвардиола.
Юрген Клопп 2015 жылдан 2024 жылға дейін "Ливерпульді" басқарды. Осы уақыт аралығында ол клубпен бірге Ағылшын Премьер лигасын, УЕФА Чемпиондар лигасын, сонымен қатар бірнеше халықаралық және ұлттық титулдарды жеңіп алды.
2025 жылдың 01 қаңтарынан бастап Клопп "Red Bull” спорттық жобалар жүйесінде жаһандық директор қызметін атқаруда.
Біздің серіктес: FONBET