“Қайрат” - “Сутьеска” – Черногория чемпиондары “Қайраттың” әлсіз тұсын анықтады

Бүгін, 10:23

Никшичтің "Сутьеска" клубы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында Алматының "Қайратымен" кездесуге дайын. Бұл Черногориялық ұжым үшін Еуропаның ең беделді клубтық турниріне алтыншы рет қатысуы болмақ. Қос команда арасындағы алғашқы матч бүгін сағат 20:00-де Алматыдағы "Орталық" стадионда өтеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Қайрат” - “Сутьеска” – Черногория чемпиондары “Қайраттың” әлсіз тұсын анықтады

"Сутьесканың” бас бапкері Милорад Пекович ойын алдында Onogost.me сайтына сұхбат беріп, командасының жоспарымен бөлісті. Оның айтуынша, футболшылар алаңда 90 минут бойы барынша агрессивті әрі рационалды болуы тиіс. Пекович "Қайратты" бұл жұпта фаворит деп санаса да, оның командасы жеңісті оңайлықпен бере салмайтынын атап өтті.

Бапкер қарсыластың басты артықшылығы ретінде олардың физикалық дайындығын атады. Қазақстан чемпионаты қазір қызып тұрғандықтан, "Қайрат" ойыншылары жақсы формада, ал Черногориялықтар үшін бұл маусымның басы. Дегенмен, "Сутьеска” жаттықтырушылар штабы қарсыластың ойынын мұқият талдап, олардың кейбір әлсіз тұстарын анықтаған.

Пековичтің пікірінше, бұл кездесуде тәртіп пен ұйымдасқан ойын шешуші рөл атқарады. Команданың мақсаты — Алматыда лайықты өнер көрсетіп, қарымта матч алдында тиімді нәтижеге қол жеткізу.

"Қарсыласқа құрметпен қарауымыз керек, бірақ олардан қорықпауымыз қажет." — деп түйіндеді сөзін Пекович.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×