Албаниялық футболшы “Астана” жайлы: “Біз өте мықты қарсыласпен кездесеміз”

Бүгін, 13:57

Албаниялық "Динамо Сити" клубының жартылай қорғаушысы Иси Манеллари Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында Қазақстандық "Астанамен" болатын матч алдында өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Албаниялық футболшы “Астана” жайлы: “Біз өте мықты қарсыласпен кездесеміз”

Манелларидің айтуынша, елордалық клуб — үлкен құрметке лайық, өте қауіпті қарсылас. Дегенмен, футболшы өз командасының дайындығына және оқу-жаттығу жиындарында атқарылған жұмысқа жоғары баға берді.

Ол "Динамо" клубының бұған дейін де атақты ұжымдармен терезесі тең ойын көрсетіп, келесі кезеңдерге жолдама алғанын атап өтті.

"Бізді барынша құрметке лайықты өте мықты қарсылас — "Астанамен" кездесу күтіп тұр. Дегенмен, біз өз күшімізге және оқу-жаттығу жиындарында атқарған жұмысымызға сенімдіміз. "Динамо” атақты клубтарға қарсы лайықты ойнап, келесі кезеңге өте алатынын бұған дейін де бірнеше рет дәлелдеген.” – дейді Иси Panorama.com сайтына берген сұхбатында.

"Динамо Сити” мен "Астана” арасындағы алғашқы матч шілденің 9-ынан 10-ына қараған түні Албанияда өтеді. Қарымта кездесу 16 шілдеде Қазақстанда ұйымдастырылады.

"Астанадан” бөлек Қазақстанның тағы екі командасы Еурокубок маусымын бастауға дайын. "Қайрат" Чемпиондар лигасында черногориялық "Сутьескамен” кездеседі, ал "Елімай” Конференция лигасында "Алашкертке” қарсы ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×