ҚПЛ клубына трансфер жасауға тыйым салынды

Бүгін, 16:28

"Қайсар" футбол клубы трансферлік бан арқалады. Клубтың футболшылар алдында қарызы бар, деп хабарлайды Aladop.kz.

ҚПЛ клубына трансфер жасауға тыйым салынды

Kommentator_Maulen телеграм арнасының хабарлауынша, Қызылорда мақтанышына трансферлік бан салынды. Бұған клубтың бұрынғы және қазіргі футболшылар алдындағы қаржылық міндеттемелерін толық орындамауы себеп болған. Соның салдарынан командаға жаңа ойыншыларды тіркеуге уақытша тыйым салынып отыр.

Трансферлік бан – клубтың жаңа футболшыларды ресми түрде тіркей алмауын білдіреді. Мұндай шектеу қаржылық даулар шешіліп, барлық қарыз өтелгенге дейін күшінде болады. Бұл жағдай жазғы трансферлік науқан алдында "Қайсардың” құрамын күшейту жоспарына кері әсер етпек.

Айта кетейік, "Қайсар” бұған дейін де қаржылық мәселелерге байланысты FIFA енгізген трансферлік шектеуге тап болған еді. Ол кезде клуб қарыздарын өтеп, жаңа ойыншыларды тіркеу құқығын қайта алған болатын. Алайда қаржылық міндеттемелердің қайта туындауына байланысты клуб тағы да осындай санкцияға ұшырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×