«Қайраттың» бапкері ҚПЛ-дегі жоспарымен бөлісті

20.10.2024, 16:51

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Тұранмен» болған матч туралы ойын ортаға салды.

«Қайраттың» бапкері ҚПЛ-дегі жоспарымен бөлісті
«Қайраттың» футболшылары голдарын тойлауда

Алматылық клуб ҚПЛ-дің 23-турында түркістандық клубты ойсыратып ұтып (5:1), чемпиондық таластағы позициясын нығайта түсті. Айтпақшы, бұл бәсекеде «Қайраттың» сапында алматылық команданың түлегі Олжас Байбек өзінің дебюттік кездесуіне шыққан болатын. 

«Футболшылармен алдын-ала талқылаған дүниелерді іске асыра алдық. Кездесуді алғашқы минуттан белсенді бастауды тапсырған болатынбыз. Жылдам гол салу міндеттелген. Нені жоспарласақ - бәрі іске асты. Күресті тоқтатпаймыз, алдағы төрт ойынның бірін ұттық. Бапкер ретінде өз командама жауаптымын әрі маған әр ойынды ұтқанымыз маңызды. Әрбір матч бізге финал сияқты»,- деді Р. Уразбахтин. 

ҚПЛ-дің 23-турынан кейін «Қайрат» 38 ұпаймен екінші сатыға жайғасқан. Алматылықтар келесі турда «Жетісумен» шеберлік байқасады. Әзірге премьер-лиганың бірінші орнына 39 ұпайы бар «Ордабасы» орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×