"Қайраттың" бас бапкері: Бұл жеңілісті толық өз мойныма аламын

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
21.04.2024, 17:28

"Қайраттың" бас бапкері Кирилл Кекер ҚПЛ  5-турындағы "Ақтөбемен" болған ойын туралы пікірімен бөлісті.

"Қайраттың" бас бапкері: Бұл жеңілісті толық өз мойныма аламын

Айта кетейік, Алматылық клуб өз алаңында 1:3 есебімен ұтылып, турнирлік кестедегі бірінші сатыдан түсіп қалған болатын. "Жанкүйерлерімізден кешірім сұраймын. Егер жеңіске жетпесек, бірдеңені дұрыс істемей жүрміз деген сөз. Бұл жеңілісті толық өз мойныма аламын",- деген болатын К. Кекер. Сондай-ақ, Алматылық клуб бас бапкері матчағы төрешілік туралы ойын да ортаға салды. 

"Мен ештеңе айта алмаймын, төреші болды, бұл эпизодты солай деп бағалады. Құзырлы органдар бар, солар бірдеңе деп айтар, әй бірақ айтпайды ғой",-  деген еді "Қайраттың" бас бапкері пенальтиге қатысты.

Қайрат» — «Ақтөбе» 1:3 (0:1)Голдар: Касым 40 (0:1), Самородов 68 (0:2), Самородов 90+3 (0:3), Швырев 90+7

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×