Отандасымыз қатысқан Израиль чемпионатының кезекті кездесуінде ірі есеп тіркелді

21.04.2024, 18:11

Артур Шушеначев өнер көрсететін “Хапоэль” (Беэр-Шева) Израиль чемпионатының 30-турында “Маккаби” Хайфа ұжымына есе жіберді. 

Отандасымыз қатысқан Израиль чемпионатының кезекті кездесуінде ірі есеп тіркелді

Хайфа қаласындағы кездесу 4:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына шешілді. “Маккаби” ойын барысында 4 гол соғып, матчты осы есеппен аяқтауды құп көрген болатын. Алайда алаң қонақтары престиж голын соқты. Имран Улад Омар таблодағы қорытынды есепті 4:1 жеткізді. 

Артур Шушеначев аталған кездесуді қосалқы құрамнан тамашалады. Жалпы израильдік команда үшін осы маусымда отандасымыз 11 ойын өткізіп, 2 голдың авторы атанды. 

Шабуылшымыз өнер көрсететін “Хапоэль” ішкі біріншілікте 55 ұпаймен турнирлік кестеде 3 орында келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×