“Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы анықталды

Бүгін, 19:31

Чемпиондар лигасының 2026/2027 жылғы маусымының алғашқы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы анықталды

Aлматылық “Қайраттың" Еурокубоктағы алғашқы қарсыласы белгілі болды.

Жеребе қорытындысы бойынша, “Қайраттың” бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің құрған тактикалық жоспарын ең алдымен Черногория чемпионы тексеріп көрмек. Алматылық алпауыттар Черногорияның атақты “Сутьеска” клубымен кездеседі.

Алматылық ұжым Чемпиондар лигасындағы бұл жолғы жорығын өз үйінде, жанкүйерлердің қолдауымен бастау мүмкіндігіне ие болып отыр.

Алғашқы кездесу Алматы төрінде өтеді. Ал қарымта шайқас Черногория чемпионының стадионында ұйымдастырылмақ.

Алғашқы іріктеу кезеңінің ойындары 7/8 шілдеде және жауапты матчтар 14/15 шілде күндері өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×