Алматылық “Қайрат” қожайыны Қайрат Боранбаев Нұрсұлтан Құрманның YouTube-арнасына берген сұхбатында бапкер Хаби Алонсомен арада болған құпия әңгіменің бетін ашты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Мадридтік “Реалмен” болған тарихи матчтан кейін Алонсо қазақ футболының болашағын түбегейлі өзгертетін мәлімдеме жасаған екен.
Қайрат Боранбаевтың айтуынша, Eуропалық алпауыттар Алматыға ұшып келе жатқанда, “Қайраттың” бүкіл негізгі құрамының ішінен тек бір ғана жас талантқа ерекше назар аударған. Хаби Алонсоның нысанасына іліккен жалғыз Қазақстандық футболшы — Дастан Сәтбаев болып шықты.
“Біз Алматыға қарай жолға шыққанда, ұшақ ішінде “Қайраттың” бүкіл құрамынан тек бір ғана футболшыны — Дастан Сәтпаевты өте мұқият әрі жіті зерттедік. Оның алаңдағы әрбір қимылы мен тактикасын талдап шықтық.” – деген екен Алонсо Боранбаевқа.
Қайрат Боранбаевтың сөзіне сүйенсек, Хаби Алонсо үшін Дастан бейтаныс емес. Ол Сәтпаевтың алаңдағы барлық мүмкіндіктері мен қандай деңгейде ойнай алатынын бес саусағындай жақсы біледі.
Сұхбат барысында Боранбаев Дастанның “Челсиге” қашан аттанатынын да айтты.
“Дастан бірнеше күн демалыс алды және 26 маусымда анасымен бірге Лондонға ұшады.”