“Жеребе қорытындысы төбемізден жай түсіргендей болды” – Черногориялық маман “Қайраттың” мықтылығын мойындап, алдағы матчтарға қатты алаңдаушылығын білдірді

Бүгін, 13:10

Чемпиондар лигасының жеребесінен кейін Алматылық “Қайраттың” алғашқы қарсыласы, Черногорияның “Сутьеска” клубында нағыз үрей мен мазасыздық орнады, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Жеребе қорытындысы төбемізден жай түсіргендей болды” – Черногориялық маман “Қайраттың” мықтылығын мойындап, алдағы матчтарға қатты алаңдаушылығын білдірді
Milorad Peković

Черногориялық ұжымның бас бапкері Милорад Пекович RTNK.me порталына берген сұхбатында Ньоннан келген хабарды естігенде төбесінен жай түскендей болғанын жасырмады. Бапкер Aлматылық алпауыттардың деңгейі мен қаржылық қуатына қарап, өз командасының мүмкіндігі өте төмен екенін ашық мойындап, байбалам салды.

Милорад Пекович қарсыластар тақтасында “Қайраттың” есімін көрген сәтте-ақ алдағы кездесулердің нағыз тозаққа айналатынын түсінген. Ол жеребе қорытындысына қатысты іштегі ренішін жасыра алмады.

“Әрине, мен Ньоннан келген жеребе қорытындысына мүлдем көңілім толмайды, қуанып та отырған жоқпын. Кейде қарсыластың оңай не қиын екенін айту қиын соғады, бірақ бұл жолы бәрі анық. Бізге өте сұрапыл, қауіпті әрі мықты қарсылас тап болды.” — деді бапкер.

Дәл қазір Черногориялықтар үшін ең басты мәселе — Алматыдағы шайқасқа шығатын футболшылардың нақты тізімін жасақтап үлгеру. Бапкер трансферлік терезеде кімге сенім артарын білмей, басы қатып отыр.

Черногориялық маман қос клубтың арасындағы жер мен көктей айырмашылықты тізіп берді. Оның пайымдауы бойынша, Алматылық клуб барлық көрсеткіштер бойынша көш ілгері тұр:

“Бұл екі матчтық текетіресте айқын фаворит мәртебесі сөзсіз “Қайратқа” тиесілі. Олардың халықаралық аренадағы тәжірибесі бізден әлдеқайда көп, ал бюджеті мен қаржылық мүмкіндігі тіпті сұмдық, бізден өте жоғары. Оларға лайықты қарсылық көрсету үшін бізге бүкіл күш-жігерімізді, энергиямызды және барлық тәжірибемізді салуға тура келеді.” — дейді Пекович.

Пекович өз сөзінде “Қайраттың” мықтылығын мойындаса да, футболда сенсациялардың жиі болатынын алға тартып, өз жігіттерін рухтандыруға тырысты.

Бапкердің айтуынша, футболдың ғажайыптығы — алаңда әрдайым тек бай әрі мықты клубтардың жеңіске жете бермейтіндігінде.

“Сутьеска” осындай деңгейдегі алпауыт клубпен ойнау мүмкіндігіне ие болғанының өзін мақтаныш көреді. Олар Еуропа аренасында Черногория футбол беделін қорғап қалу үшін соңғы демі қалғанша айқаспақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×