Рафаэль Уразбахтин "Қайрат" ФК бас бапкері
Алматылық клуб ЧЛ-ның алғашқы іріктеу кезеңінде «Олимпия Любляна» (Словения) командасымен шеберлік байқасады.
Алғашқы кездесуін Қазақстан чемпионы 8-9 шілде күні сырт алаңда өткізеді. Қарымта кездесу 15-16 шілдеде өтеді. Біраздан кейін Еурокубоктерде ел атынан сынға түсетін “Ақтөбе”, “Астана” мен “Ордабасының” да қарсыластары анықталмақ. Ақтөбелік ұжым Еуропа лигасында бақ сынаса, қалған екі команда Конференциялар лигасының іріктеуінде өнер көрсетпек.