
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мен «Қайраттың» шабуылшысы Исмаил Бекболат жақын арада шетелдік чемпионаттың біріне ауысуы ықтимал.
Бұл туралы Vesti.kz мәлімдеді.
«Бекболат Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы мен «Қайрат» сапында маусымды тамаша бастады. Ол Еуропа мен Ресейлік скауттардың назарына былтыр-ақ ілінген. Сөйтіп қазір Бекболат бойынша РПЛ мен Еуропаның бірнеше клубынан нақты ұсыныс түсіп отыр.
Футболшы қазірдің өзінде «Қайраттың» негізгі құрамына тартылуда - ҚПЛ-2025-те бес кездесуге қатысқан (жиі қосалқы құрамнан шығуда). Сондай-ақ, «Қайрат-Жастар» жейдесінде 3 ойында өнер көрсетіп, екі гол мен екі ассисттің авторы атанды. Десе де, оның басты жетістігі жасөспірімдер арасындағы Еуроның іріктеуі аясында өткізген ойындары. Грузияға қарсы бәсекеде гол салса, Литвамен матчта хет-трик жасады. Жалпы, Қазақстан жасөспірімдер құрамасындағы 9 ойында 5 рет мергендігімен көзге түскен», - делінген порталдың материалында.
Айта кетейік, «Челсиге» ауысқан Дастан Сәтпаевтан бөлек алматылық клубтың тағы бір түлегі Дәулет Орынбасарға да Еуропа мен Ресейлік клубтар ұсыныс жасаған болатын. Естеріңізде болса, 16 жасар шабуылшыға «Зенит» пен «ЦСКА-ның» қызығушылық танытқаны жайлы жазған болатынбыз.
Біздің серіктес: FONBET