
Қызылордалық клуб үшін соңғы бес ойын өте ауыр өтті.
Виктор Кумыков командасы «Қызыл-Жарды» айтпағанда, «Қайрат» бастаған кілең мықтылармен жолығып, алдын-ала болжанғандай-ақ ұтылып ұпай жоғалтқан. «Қасқырларға» әсіресе, өткен жолы «Ордабасының» жауапсыз бес голы ауыр тигені анық. Соңғы сәтсіздіктерге байланысты лап еткен жанкүйерлер наразылығы команданың онсыз да ауыр жағдайына психологиялық тұрғыда соққы болмай ма? Виктор Кумыков сәтсіздіктің себебін ауыр күнтізбемен түсіндіріп, екінші айналымда еңсе тіктейміз деген еді. Енді соны бүгіннен бастап ақырындап дәлелдей бастау керек, не дегенмен «Тұран» әлі топ-клуб қатарына кірмейді. Демек, мықтыларға жіберген есені қайтарып, ұпай қорын арттыруға тамаша мүмкіндік.
Ал Түркістанда көңіл-күй жаман емес - Қазақстан чемпионатына әбден төселген Беларус бапкері Виталий Жуковскийдің командасы тәуір ойынымен, турнирлік кестеде 8-келеді. Өткен турда «Тобылмен» ұпай жоғалтпағанда әлдеқайда жоғары тұрар ма еді. Түркістандық ұжым топ-клубтардан ұтылғанымен (Ордабасыдан 0:1, Тобылдан 0:2, Қайраттан 1:2) деңгейлестермен ұпай жоғалтпайды. Виталий Жуковскийдің командасына тән басты сипаттама да осы болып тұр. Ал осындай логикадан келе бүгін қонақтар берекесі қашқан қызылордалық қарсыласын қапы қалдыруы тиіс секілді. Бұл тек жорамал, ал іс жүзінде қалай болар екен?
Біз бұл кездесуде тең нәтиже тіркеледі деп ойлаймыз. Fonbet.kz букмекерлік кеңсесінде бұған 3.35 коэффициентімен бәс тігуге мүмкіндік бар.
Біздің серіктес: FONBET